Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімдеу мақсатында мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алтын Хадимқызы 4 Д сынып оқушыларымен "Ауған соғысы- өмірдің қасіретті сабағы" тақырыбында
Ауған соғысы ардагерлерімен аудандық балалар кітапханасымен бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа, балаларға үлгі ету, Ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет беру, балаларды Отанын сүюге тәрбиелеу.
Бұл шараға Ауғанстанның от жалынында болған сол кездегі қазақстандық сарбаздар, қазіргі ардагер ағаларымыз, жерлестеріміз Төлепбергенов Серік Саржанұлы мен Зейнетуллин Болат Зейнетуллаұлы ағаларымыз қатысты. Кездесу барысында оқушылар тарихи оқиға жөнінде мәлімет алды.Сұрақтар қойылып, ағалардың ерлік істеріне тәнті болды
