Есеп беру барысында мектеп басшысы 3 жылдық жұмыстарды салыстырмалы талдай отырып, оқу-тәрбие процесінің нәтижелері, білім сапасын арттыру жолында атқарылған жұмыстар, оқушылардың жетістіктері мен ұстаздардың кәсіби дамуы бойынша жұмыстарды таныстырып өтті. Материалдық-техникалық базаны нығайту, мектептің білім беру сапасын көтеру бағытында жасалған нақты қадамдар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Сондай-ақ, ата-аналармен байланыс, тәрбие жұмыстары, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қауіпсіздік пен оқушы әл-ауқатына ерекше мән берілді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Ғаріпұлы мен мектеп ұжымының оң бағасына ие болған бұл есеп – ұжымдық еңбектің айғағы. Мектебіміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарымызға алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да сапалы білім мен саналы тәрбие жолында бірлесе еңбек ете бермекпіз.