“Темірқазық” ӨӨБҰ ұйымдастыруымен өткен “QUIZ” интеллектуалдық ойыны үлкен қызығушылық пен белсенділікпен өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Серікқабылқызы және 7-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің білімдерін, ойлау қабілеттерін сынап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Ойынның мазмұнф ұлттық құндылықтар мен Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” шығармасы турасында болды. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері, рухани мұрасы және жазушының шығармасындағы негізгі идеялар туралы терең мағлұматтар алды. Сондай-ақ, ойын барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, олардың қазіргі қоғамдағы рөлі туралы пікірталас ұйымдастырылды. Бұл пікірталас оқушылардың ұлттық, адамгершілік қасиеттер мен мәдениетке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
Ойынның қорытындысында ерекше ұтқыр ой мен шығармашылық қабілетін көрсеткен 9-“Б” сыныбынан құралған “Жігер” тобы жеңімпаз атанды. Бұл топтың мүшелері өздерінің тапқырлығымен, білімділігімен, әрі ұлттық құндылықтар туралы терең ойлауымен ерекшеленді.
Осындай іс-шаралар оқушыларға өз мәдениетімізді тереңірек түсініп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы олардың тұлғалық дамуына үлес қосады деп есептейміз.