Атырау Жаңа Мектеп жобасы аясындағы “Жедел жәрдем” тақырыбындағы кеңес
20 ақпан күні мектебімізде 6Д және 7Г сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен “Жедел жәрдем” тақырыбында алғашқы көмек көрсету жөнінде маңызды кеңес өтті. Бұл шара адам өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар туралы түсінік беруге арналды.
Аудандық емхананың дәрігері Молдияров Мирас Шедренұлы алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін тереңірек түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мектеп медбикесі Г. Тугайбаева слайд көрсетіп, оқушылармен бірге сергіту сәтін ұйымдастырып, денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерді аяқтауға тапсырма берді.
Оқушылар “Жедел жәрдем жаршысы” ойынына қатысып, алғашқы көмек көрсету дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады.
